Ағымдағы жылы туристік қызмет мәселелері жөніндегі заң қабылданды, Қазақстан Үкіметі мен Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі БҰҰ арасындағы ЮНЕСКО аясында Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығын (2-санат) құру туралы келісім ратификацияланды.


«Патриоттық сезімді, қазақстандық бірегейлікті жеткізу мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында Мемлекеттік Туды, Елтаңбаны және олардың бейнелерін, сондай-ақ Гимннің мәтінін орнату және орналастыру ережелеріне өзгерістер енгізілді. Қазіргі уақытта министрлік 2021 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес кинематография мәселелері бойынша заң жобасына тиісті түзетулер енгізу бойынша жұмыс жүргізуде. Құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, өнер, кинематография қайраткерлері кірген жұмыс тобы құрылды», - деп атап өтті министр.


Бүгінде жұмыс тобының 10-нан астам отырысы өткізілді. Кинематографияның проблемалық мәселелері, кинокомиссиялар құру механизмі, фильмдерді қазақ тіліне дубляждау және басқа да өзекті мәселелер талқыланды.