Ерлан Тұрғымбаев балалардың жолдарда жарақаттануы ерекше алаңдаушылық тудыратынын атап өтті. Жол апаты салдарынан 43 бала көз жұмды, мыңнан астамы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Көп жағдайда зардап шеккен балалар қауіпсіздік белдіктерімен бекітілмеген немесе автомобиль орындықтарынсыз, күшейткіштерсіз, адаптерлерсіз тасымалданған.


Өкінішке орай, жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсау жағдайлары да орын алуда. Оның әртүрлі себептері бар. Әрбір үшінші жағдай туыстарымен келіспеушілік, жалғыздық сезіміне байланысты болады - 12%, достарымен қарым-қатынастың бұзылуына байланысты - 10%. Биыл 248 өзін-өзі өлтіру әрекеті болды. 84 кәмелетке толмаған баланы құтқарылмады.


«Сонымен қатар, балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссиялардың өтініші бойынша соттардың шешімдерімен жыл сайын 5 мыңнан астам ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылады және 1 мыңға жуық ата-ана құқығынан айырылады. Бұл ретте, мұндай өтініштер сотқа ерекше жағдайларда ғана – баланың отбасында болуы оның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін барлық мән - жайларды ескере отырып енгізіледі», - деп түйіндеді ІІМ басшысы.