Оның айтуынша, ІІМ, әділет және қаржы министрліктерінің деректер базасын интеграциялау процестерді айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік берді. Мысалы, 2019 жылғы қарашадан бастап ІІМ көрсететін қызметтер тізбесінен мекен жай анықтамасын беру алынып тасталды. Бұған дейін оны жыл сайын 10-нан 12 миллионға дейін азамат алып келген. Енді бұл мәліметтерді тікелей «электрондық үкімет» порталынан алуға болады. Сондай-ақ көлікті тіркеу қызметі жеңілдетілді.


«Жыл сайын 2 млн-нан астам азамат автокөліктерді сатып алу және сату кезінде ХҚКО-ға нөмірлік агрегаттарды салыстыру үшін келетін. Енді бұл қажеттілік жойылды. Тіркеу қызметі «электрондық үкімет» порталында және банктердің мобильді қосымшалары арқылы «онлайн» форматқа ауыстырылды. Бұдан басқа, енді азаматтар ХҚКО-дағы кез келген ұнаған мемлекеттік нөмірді таңдай алады. Бұл ретте кез келген ыңғайлы ХҚКО - да құжаттар мен көлік нөмірлерін алуға немесе оларды үйге жеткізуге тапсырыс беруге болады», - деді ведомство басшысы реформаның қорытындысы жайлы айта отырып.