«Жол қозғалысына қатысушы болу үшін көлік құралы техникалық параметрлерге сәйкес келуі керек: тиісті тежегіш жүйесі болуы керек, самокаттардағыдай қол тежегіші емес, артқы көрініс айнасы, жарықтандыру құралдары, тоқтау сигналдары және қауіпсіздік сертификатына сәйкес келетін дөңгелектер базасы. Мотоциклдер шығаратын кез келген автомобиль өнеркәсібі, велосипедтерге жол қозғалысына қатысушы ретінде тиісті сертификат береді. Егер барлық техникалық талаптарға толық сай самокат иесінің жол қозғалысына қатысушы болғысы келсе, онда оны жүргізуші куәлігі болуы керек... Самокат иелерінің кінәсінен ЖКО орын алған жағдайлар бар, сегіз адам дене жарақатын алған, олар жаяу жүргіншілер аймағында да балаларға қауіп төндіреді, өйткені олар жылдам, қауіпсіздік жүйесі жоқ деуге болады», - деді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев. 


 Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, министр Еуропа елдерінің тәжірибесі зерттеліп жатқанын жеткізді. Бұл мәселені мүдделі органдармен бірлесіп, тағы да қарап, гаджетпен жүру ережелері бойынша түпкілікті шешім қабылдау үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Бұл процесс ашық болады. Сарапшылардың алғашқы әзірлемелері БАҚ пен бұл мәселеге алаңдаушылық танытып отырған депутаттарға зерттеу үшін ұсынылады.


Айта кетейік, пандемия кезінде электросамокаттар саны айтарлықтай өсті, сәйкесінше, басқаларға төнген қауіп те артты.