«Тұрғын үй қатынастары туралы заң 1997 жылы қабылданған. Содан бері заңға жыл сайын өзгерістер мен қосымшалар енгізіледі. Осы 25 жылдың ішінде ПИК бір үйде құрылады деген алғашқы идея бұзылып, олар 10, 20, 100 жуық үйді басқаратын болды. Олар бір есепшотты пайдалана отырып, жиналған ақшаны қайда жұмсап жатқанын халыққа көрсетпейді. Ал Мүлік иелері бірлестігі бір көппәтерлі үйде тұратын тұрғындардан құрылады. Ең бастысы – есепшот. Оны МИБ атынан оның төрағасы ашады. Яғни ақша бір есепшотта жиналып, сол үйге ғана жұмсалады. Бұрынғы ПИК сияқты 100 үйге тарап кетпейді, ақша нақты өз үйіне жұмсалады. Ол ай сайынғы есепте мүлік иелер бірлестіктерінің есепшоттарында көрсетіліп отырады», - деді спикер. 


Реформаның, жасалып жатқан өзгерістердің нәтижесінде ел тұрғындары өз үйлерін, КТҮ басқарып, күтіп-ұстау жұмыстарын жүргізуге, барлық сервистік жұмыстарды қабылдау актісі бойынша қабылдап, тексеріп алу мүмкіндігіне ие болады.