«Жалған вакцинация паспортын сатып алу реанимацияға баратын ұшаққа билет сатып алғанмен бірдей. Мемлекет Сізге қорғануға және тегін қорғауға мүмкіндік берген кезде, сіз жалған паспорт сатып алуға қаражат жұмсайсыз. Сіздің ауырып қалуыңыз, тіпті, өліп кетуіңіз мүмкін. Бұл үшін жауапкершілік те қарастырылған: процедура үшін де, төлқұжатты қолдан жасау үшін де. Бұл қазіргі жағдайда қолайлы емес, бұған мүлдем жол беруге болмайды және халық алдында вакцинация процесінің, вакцинаның тиімділігіне нұқсан келтіреді, өйткені адамдар реанимацияға түсіп, өміріне қауіп төнген кезде ғана паспортты сатып алғандарын мойындайды», - деді сарапшы.