АБҚО Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне ведомстволық бағынысты үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы ұлттық оператор болып табылады. Басты миссиясы - азаматтық қоғамды дамытуға көмек көрсету. 5 жыл ішінде Орталық түрлі әлеуметтік бағыттар бойынша, соның ішінде білім беру саласында 300-ден астам әлеуметтік гранттық жобаны іске асырды. 


 
«Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығын өткізу аясында барлық мүдделі тараптарға білім беру процестері мен жас ұрпақты тәрбиелеудегі әлеуметтік маңызды мәселелерді анықтауға, оларды педагогтардың тікелей қатысуымен шешу жолдарын әзірлеуге мүмкіндік беріледі. Бұл өте маңызды, өйткені практик мұғалімдер белгілі бір оқу орнындағы мәселелерді егжей-тегжейлі біледі, қажеттіліктерін көреді. Үкіметтік емес ұйымдар арқылы педагогикалық қоғамдастық пен азаматтық қоғамның бірлескен тиімді жұмысы болмаса, орын алған проблемаларды толыққанды шешу мүмкін емес. Осыған байланысты, «Қазақстан мұғалімі 2021» ұлттық сыйлығы аясында жаңа идеялар мен бастамалардың өсу нүктелерін дамыту мақсатында АБҚО, ұйымдастырушы және «Samruk-Kazyna Trust» қоры үкіметтік емес ұйымдар мен педагогтар үшін әрқайсысы 1,2 млн теңге мөлшерінде 30 шағын грант ұсынатын болады. Шағын гранттар конкурсқа қатысушы педагогтардың білім беру процесін, оқыту жағдайларын жақсарту және оқушыларды, негізінен ауылдық мектептер мен шалғай аудандарда жан-жақты дамыту жөніндегі бастамаларын іске асыруға бағытталады, осыған баса назар аударғым келеді. Шағын гранттарды 2021 жылғы қыркүйектен желтоқсанға дейін бөлу жоспарланған. Орталық оператор ретінде шағын гранттар беру үшін ҮЕҰ арасында конкурс өткізеді, сондай-ақ сыйлыққа қатысушы педагогтармен бірлесіп гранттарды беру мониторингін жүзеге асырады», - деп атап өтті спикер. 


Жобаларды іске асыру барысы орталықтың, БҒМ, ұйымдастырушы мен серіктестердің интернет-ресурстарында жарияланатын болады. Осылайша, педагогтар мен жұртшылық арасындағы бірлескен тиімді ынтымақтастық арқылы орта білім беру мекемелерін дамыту, сондай-ақ азаматтардың, атап айтқанда, ауылдық жерлерде жаңа бастамаларын қолдау үшін жағдай жасалады. Лима Диас ҮЕҰ-ны шағын гранттар байқауына белсенді қатысуға шақырды.