«Бүгінде «Ashyq» жүйесінде 22 мыңға жуық кәсіпкер тіркелген, әр апта сайын бұл көрсеткіш 1 мыңға артады. Яғни, бұл кәсіпкерлердің «Ashyq» жүйесіне деген көңілін көрсетіп отыр. Бұл  азаматтарымыздың да, қызмет көрсету мекемелерінің де, кәсіпкерлердің де жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді. Жалпы, халықпен тығыз жұмыс істейтін кәсіпкерлер саны 500 мыңға жуық. «Ashyq» жүйесі одан әрі оңтайландыру  кәсіпкерлердің жауапты жұмыс істеуіне ықпал етеді», - деді Мырзахметов.  


Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Ashyq» жүйесіне қосылудың бюрократиялық жолдары жеңілдетілді. Бұрын жүйеде тіркелу процесі жеті күнге созылса, қазір 2 күнге дейін қысқарды. Құжаттарды рәсімдеу толықтай автоматтандырылды. Іс-қимыл алгоритмі бойынша ақпарат БАҚ арқылы, ҰКП сайты, Телеграм арналар мен Желі арқылы ұсынылады.