«Мобильді топтардың барлық бұзушылықтарды анықтап жатпағаны белгілі. Халық эпидемиологиялық жағдайдың ауырлығына қарамастан, той-томалағын, садақасын, асын беріп жатыр, соған байланысты халықтың арасында инфекция ушығып отыр. Әр адам жауапкершілікті сезінуі керек. Той жасап басқа адамның өміріне қатер төндірмеу керек. Өлім-жітімнің алдын алудың жалғыз жол – екпе алу ғана. Денсаулыққа жауапкершілікпен қарауымыз керек», - деді вице-министр халықты вакцина салдыруға үндей отырып. 


ДСМ мәліметінше, бұзушылықтардың басым бөлігі Жамбыл, Түркістан, ШҚО, Қостанай облыстарында, Шымкент және Алматы қалаларында тіркелген.