Қарағанды облысы бойынша ведомствоның қағидатты ұстанымы туралы да белгілі болды. 

«Атмосфералық ауаны «ірі» «ластаушы» - «Қазмырыш». Шығарындыларды 20%-ға қысқарту, газ тазалау жабдықтарын жаңғырту жоспарланып отыр. Атмосфералық ауасы ластанған тағы бір қала Теміртау бойынша шығарындылардың жалпы көлемі 2020 жылы 212 мың тоннаны құрады. Бұл қала бойынша шығарындылардың 87% және облыс бойынша 40% құрайды. Жол картасында бірқатар іс-шаралар қарастырылған, АМТ компаниясы меморандум шеңберінде атмосфераға эмиссияларды 30%-ға төмендету бойынша міндеттемелерді мойнына алды, онда қала маңына 500 мың ағаш отырғызу-көгалдандыру бойынша іс-шаралар да бар. Бұл мәселе бойынша Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің түбегейлі ұстанымы бар. Ластанудың жоғары индексі Жезқазған, Қарағанды және Балқаш қалаларында да байқалады. Негізгі көздері - Қазақмыс, Жезқазған Смэлтинг, металл балқыту өндірісі. 2024 жылға дейін кәсіпорындар жабдықтарды қайта жаңартады деп болжануда, сонда шамамен 40%-ға қысқарады», - деді спикер. 


Айта кетейік, өңірде газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.