«Биылғы маусым жарқын, қанық болады: гастрольдерге шығып, бұрынғы репертуарды да көрсетеміз, онда көрерменнің көңілінен шыққан спектакльдерімізді ұсынамыз, премьералар, мен үшін ерекше премьералар. Бұл менің Джордж Баланчинмен бір кеште көрсететін қойылымым, мен үшін бұл асқан құрмет. «Тағдыр бұлтарысы» спектакліне музыканы қазақстандық композитор Карина Абдулина жазды, жалпы, осы спектакльдің идеясы да Каринанікі. Бұл музыкаға бірден ғашық болдым. Ол Таро карталарымен байланысты архетиптерді өте жарқын, бейнелі жеткізеді. Менің ойымша, олардың бірегейлігі - 2000 жылдан астам уақыттан бері болуы және музыкалық немесе хореографиялық өнер түрінде қолданылмауы. Бұл спектакльдің ерекшелігі осында. Сондықтан баршаңызды шақырамыз, күтеміз, бұл спектакль де театр репертуарында өз орын алады деп ойлаймын», - деп балетмейстер. 


Айта кетейік, брифингке қатысушылар көпшілікті қызықтыру үшін анонста көрсетілгендерден басқа жаңа өнімдер туралы айтпады. 


«Баршаны тәнті еткен «Сұлтан Бейбарыс» спектаклі де Мукарамның хореографиясы. Біз кез келген қойылымды ерекше, тосын сый ретінде көрсетуге тырысамыз. Ал мұны білетін босла, адамдар үшін театрда қызықтыратын сиқыр болмайды, ал біз сиқырдың болғанын қалаймыз», - деп түсіндірді театр директоры Александр Совостьянов. 


Ал театрға бара алмайтындар спектакльді 360 форматында көре алады.