Бұдан басқа, қаланың темір-жол вокзалдарында және Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында егу пункттері ұйымдастырылды. 


«Бұл шаралардың барлығы екпе алуда халықтың ыңғайлығы үшін қолға алынып жатыр. Бүкіл әлемді жайлаған бұл індетті жеңіп, қалыпты өмірге оралуымыз тек вакцинация арқылы жүзеге асатынын еске салғым келеді. КВИ-ге қарсы вакциналау жүргізіле бастағаннан бері Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшылығымен, қалалық медицина директорлары, сарапшылар және денсаулық сақтау саласындағы мамандармен вакцинаға деген теріс көзқарас танытқан халық тобымен белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді», - деді А.Оралов.  


Елорда әкімі орынбасарының мәліметінше, ағымдағы жылғы 26 ақпан мен 12 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Ashyq» жобасына – 13 363  объект қатысады, оның ішінде 1 904  қатысушылар және 11 459  ерікті қатысушылар. Олар кәсіпкерлік субъектілері, мемлекеттік органдар, білім беру объектілері, денсаулық сақтау объектілері, өнеркәсіптік және коммуналдық кәсіпорындар және т.б., «Ashyq «көшбасшысы» мәртебесі бар 294 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. 


Нұр-Сұлтанда мониторингтік топтар 2021 жылдың 20 мамырынан бастап «Ashyq»-тың  15 725  объектісін тексерді. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күрес шеңберінде осы жүйені ШОБ объектілерінде, мемлекеттік мекемелер мен білім беру жүйесінде енгізу жалғасуда.