«Бұл қосымша 29 мың тонна дизель отынын өндіруге мүмкіндік береді. Ай басында дизель отынының қорын толықтыру үшін Павлодар мұнай-химия зауытында бастапқы өңдеу кешенін жөндеуді 9 күнге ауыстырдық, бұл да қазанның бірінші онкүндігінде шамамен 30 000 тонна отын өндіруге мүмкіндік береді. Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Ресей Федерациясымен келіссөздер жүргізілді. Біз РФ МӨЗ-нен дизель отынын жөнелту жанданып жатыр. Егер 1-20 қыркүйек аралығында зауыттардан жөнелту шамамен 5,5 мың тоннаны құраса, 21-30 қыркүйек аралығында жөнелту 38 мың тоннаны, 1-10 қазан аралығында - 22 мың тоннаны құрады. Кедендік статистика арқылы бұл жеткізілімдер расталды. Қыркүйек айында импорт 17 мың тоннаны құрады, ал 8 күнде - 32 мың тонна дизель отыны шекарадан өткізілді. 11 қазандағы жағдай бойынша дизель отынының жалпы қалдығы 215 мың тоннаны, оның ішінде тікелей мұнай базаларында 123 мың тоннаны құрайды. Қабылданған шараларды, сондай-ақ дизель отынын өндіру қазан айында 330 мың тоннаны құрайтынын және импорттық жеткізілімдердің жандануын ескере отырып, қазан айына дейін 80-ден 100 мың тоннаға дейін импортталады деп күтілуде», - деді спикер. 


Бір ай бұрын мұнай базаларындағы қалдық көлемі 128 мың тоннаны құрадыжәне мұндай дүрлігу болған жоқ. Осыған байланысты, дизель отынының қолда бар қорларын жедел мониторингтеу үшін министрлік еліміздің барлық мұнай базаларын автоматты деңгей өлшеуіштермен жабдықтау қажеттілігі мәселесін көтерді, олардың деректері ЖЖМ қалдықтарының деңгейін нақты уақытта қадағалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, қаржы министрлігі Қаржылық мониторинг агенттігімен және Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігімен (келісім бойынша) бірлесіп, ірі мұнай базаларына қатысты дизель отынын өткізуді жасанды шектеу тұрғысынан тексеру жүргізу мәселесін пысықтауда.