Жедел деректер бойынша, екі зауытта да қазан айында автобензин өндіру жоспары 314 мың тоннаны құрайды; нақты өндірілгені – 114 мың тонна; өндіріс жоспар бойынша 4 мың тоннаға артық жүріп жатыр. АИ-92 маркалы бензин бойынша қорлар 224 мың тоннаны құрайды, бұл 20 тәулікке тұтынуға сәйкес келеді. АИ - 95 бойынша қорлар - 42 мың тонна - бұл 22 тәуліктік тұтыну. 


Атырау және Шымкент МӨЗ-інде дизель отыны бойынша өндіріс жоспары бір айға 294 мың тоннаны құрайды, өндірілген өнім 106 мың тонна, 5 мың тоннаға артық өндірілуде.   


Дизель отынының қоры 215 мың тоннаны құрайды, бұл тұтынудың 15 күніне тең. Авиациялық керосин бойынша бір айға арналған өндіріс жоспары - 35 мың тонна; өндірістің ағымдағы фактісі – 20 мың тонна; жоспардан 5 мың тоннаға артық өндірілді.  


Авиациялық керосин қоры - 56,4 мың тонна, бұл тұтынудың 33 күніне тең. Сұйытылған газдар бойынша жоспарланған 40 мың тоннадан 15 мың тонна өндірілді. 

«Барлық МӨЗ-де мұнай өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру бекітілген жоспардан артық орындалуда.  Өздеріңіз білетіндей, 9 қазаннан бастап Павлодар зауыты ағымдағы жөндеуге тоқтатылды. Жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес кідіріссіз жүргізіледі. Жөндеу жұмыстарын аяқтау және қалыпты технологиялық режимге шығу 4 қарашаға жоспарланған. Бұған дейін зауытта тауарлық мұнай өнімдерінің, бензиннің қоры – 17 мың тонна; дизель отыны – 27 мың тонна; авиаотын – 3 мың тонна көлемінде қалыптасты. Павлодар зауытын тоқтату кәсіпорын жұмысындағы өндірістік тәуекелдерді болдырмау мақсатында негізгі технологиялық жабдықты жөндеу, ішінара ауыстыру және куәландыру қажеттілігімен негізделгенін еске салып өтейін. Бұл ретте биыл зауытты жөндеу жұмыстары үш мәрте кейінге қалдырылды», - деді спикер.