«Ағымдағы жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу мен реконструкциялауға 151 млрд теңге, оның ішінде: қалаларда – 77 млрд теңге, ауылдарда – 74 млрд теңге қарастырылған. 2021 жылдың қорытындысы бойынша ел халқының 95% сапалы сумен жабдықтау қызметтерімен қамту жоспарлануда: қалада – 98%, ауылда – 91,8%.  Сонымен қатар, ауылдарды сумен жабдықтау мен қамтуды мониторингілеу мақсатында Интерактивті карта әзірленіп, қолданысқа берілді, онда түрлі параметрлер бойынша жағдай көрсетілген. Оның ішінде қай ауыл сумен қамтылғанын, қанша қаржы бөлінгенін немесе су беру қай уақытқа жоспарланып отырғаны көрсетілген. Бүгінгі күні аталған карта одан әрі жетілдірілуде. Атап айтқанда, халықпен кері байланыс орнату үшін қосымша функцияларды қосу бойынша шаралар қабылдануда. Сондай-ақ, су беру тұрақтылығы және көрсетілетін қызметтердің сапасы туралы ақпарат қосылады», - деді Б.Шаханов. 


Спикер атап өткендей, үкімет ел халқын сапалы ауыз сумен жабдықтау үшін барлық шараларды қабылдауда және 2025 жылы 100% қолжетімділікті қамту жоспарланған.