Тележурналист және жобаның бренд-амбассадоры жобаның басында ментор болған. Оның «шәкірті» 5 жыл бұрын бірінші маусымның жеңімпазы атанды. Мүгедектігіне қарамастан, ол Алакөлде ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін демалыс аймағын ашу сияқты арманын жүзеге асыра алды. Мұндай әлеуетті көре тұра, белсенді азамат тыс қала алмады.  

«Зор әлеуеті бар идеялар көп, бірақ оларды жүзеге асыру мүмкін емес. Startup Bolashaq қажет болады. бәрінің де бизнеспен айналысқысы келеді, пандемия кезінде адамдардың көбі бизнестің түр-түрін үйренді. Байқау ресурстар ұсынады. Инвестиция көлемі - 10 млн теңгеден басталады. Менің де бизнес-періште болғым келеді, бірақ сән индустриясында. Белсенді дизайнерлердің, жастардың қатысқанын қалаймын, қолдау көрсетуге дайынмын. Шағын бизнесте әйелдер көп. Өтінімдердің 60% әйелдерден келіп түседі деп ойлаймын», - деді спикер.  


Bolashaq түлегі, BTS Digital бас директоры Нұртай Әбілғалиев бұл байқаудың қандай трамплин бола алатынын жақсы біледі. Оның өзі сараптаманың, қарым-қатынастың, идеялармен алмасудың және қолдаудың қаншалықты маңызды екендігін түсінген.   

«Біздің компанияның міндеті - қазақстандықтардың жақсы өмірі үшін цифрлық шешімдер жасау. Бизнесті дамыту, жаңа жобаларды іске қосу мүмкіндігі - өмірді жақсартудың, кірісті арттырудың, әлеуметтік мәртебені көтерудің көзі және жолы. Біз мұны «Болашақ» қауымдастығымен бірге жасауға қуаныштымыз. Кеңестер, ресурстар, үздіктердің қолдауына ие болу мүмкіндігі стартаптарды танытуға мүмкіндік береді.  


Біз технологиялық компаниямыз. Қандай құралдармен көмектесе аламыз? Клиенттер үшін құндылықтар құруға назар аударуға көмектесу. Қосымшалар жасау ауыртпалығын мойнымызға аламыз, өйткені бізде ол үшін бүкіл платформа бар», - деді кәсіпкер.