Сонымен қатар, модель бағалауы бойынша көмір, мұнай және газ өндіру секторына инвестициялар ұзақ мерзімді перспективада осы ресурстарға сұраныстың төмендеуіне байланысты қысқаратын болады.  


«Мысалы, қазірдің өзінде Үкімет ЖЭК секторына инвестициялар тарту бойынша жұмыс жүргізуде. Соның бірі Қазақстанда СО2 шығарындыларын азайтуға бағытталған ЖЭК ірі жобаларын іске асыру жөніндегі БАӘ-мен инвестициялық ынтымақтастық болып табылады. Мәлімделген көрсеткіштер мен көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу мақсатын қамтамасыз ету үшін бізге салалық саясатты реформалау қажет. Өнеркәсіп секторында Доктринада әзірленген индикаторларға қол жеткізу үшін энергия тиімділігін арттыру және энергия үнемдеу жөніндегі шараларды іске асыру қажеттілігі ескерілуі тиіс. Бастапқы ресурстарды екіншілік ресурстармен алмастыру саясатын күшейту қажет, бұл ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын едәуір төмендетуге алып келуі мүмкін. «Жасыл» көліктің тиісті инфрақұрылымын дамыту үшін қолдау шараларын әзірлеу керек. Терможаңғырту арқылы қолданыстағы тұрғын үй қорында жылу шығынын үштен бірге төмендету қажет, жаңа ғимараттар ЖЭК-ті міндетті түрде пайдалана отырып, энергия тиімділігінің жоғары сыныбына сәйкес келуі тиіс. Органикалық өнімге әлемдік сұранысты ескере отырып, Өсімдік шаруашылығы секторында егіншіліктің органикалық әдістеріне көшуді жеделдетіп, органикалық өнім экспорты саласында мемлекеттік қолдау көрсетуді бастау керек. Мал мен құс басын көбейту мал шаруашылығы қалдықтарын қайта өңдеу үшін биогаз қондырғыларын кеңінен тарату жөнінде шаралар қабылдауды талап етеді. Қазақстанның көміртекті бейтараптық жолында дамуы оңай болмайды, бірақ экономиканың тұрақты дамуына негіз болады және елдің инвестициялық тартымдылығын арттырады», - деп атап өтті ведомство басшысы.  


Экономиканы әлеуметтік тұрғыдан трансформациялау және жаңа жұмыс орындарын құру Доктринаның ажырамас бөлігі болып табылады. Модельдеу нәтижелері көрсеткендей, дұрыс көшуді қамтамасыз ету үшін түрлі әлеуметтік топтар арасында сын-қатерлер мен пайдаларды қолайлы түрде бөлуге және декарбонизациялау саясаты әсер еткен аймақтарда жаңа мүмкіндіктер жасауға жол ашатын қосымша саяси шаралар қажет. Өз кезегінде, жасыл қаржыландыруды дамыту және жасыл технологияларды, жобалар мен инновацияларды пайдалануды мемлекеттік қолдау шараларын кеңейту мақсатқа қол жеткізуге септігін тигізеді.