Энергетикалық ведомство өкілінің ақпараты бойынша, жалпы ел бойынша газдандыру деңгейі 54,3%-ды құрайды. Алматы қаласы бойынша газдандыру деңгейі - 95%. Оның айтуынша, бұл айтарлықтай жоғары көрсеткіш, өйткені Алматы қаласы Қазақстанның 95%-дан астам газдандырылған ТОП-5 облыстары мен қалаларының қатарына кіреді. 


М.Жүребеков атап өткендей, жыл сайын өңірлерді газдандыру бағдарламасы бойынша белгілі бір бюджет қаражаты бөлінеді. Биыл 13 өңірді газдандыруға шамамен 51 млрд теңге қарастырылған. Яғни, шамамен 135 мың адам газға қол жеткізетін болады.   


«Бүгінде күн тәртібінде газдандырылмаған облыстарды – Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарын газдандыру мәселесі өзекті болып тұр. Қазіргі уақытта Газпром және Қазтрансгазбен бірлескен жұмыс тобы жұмыс істейді. Бүгінде есептеулермен айналысып жатырмыз. Жыл соңына дейін еліміз үшін барынша тиімді маршрутты анықтау және осы өңірлерді газдандыру міндеті алға қойылды. Ол белгілі болған соң қаржыландыру көздері бойынша қарайтын боламыз», - деді энергетика министрлігінің өкілі жоспарлармен бөлісе отырып.