«Қосымша инвестиция тарту көмір станцияларын жаңғырту газ қондырғыларына көшу және жасыл сутегін дамыту үшін қажет. Сонымен қатар, көміртекті ұстау және сақтау технологияларын енгізу үшін 37,5 млрд доллар көлемінде инвестиция қажет болады», - деді экология министрі журналистің сұрағына берген жауабында. 


Энергетика бірінші вице-министрі Мұрат Жүребековтың айтуынша, қазіргі таңда елімізде 23 мың МВТ қуат бар, оның ішінде 53% тозған. 2009 жылдан бастап осы күнге дейін шамамен 4,5 мың МВт қуат жаңғыртылды. Қалған 40%-ын инвестиция тартып, модернизациялау жұмыстарын жүргізу керек.  


«Қазіргі жоспар бойынша жаңа электр энергия қуаты шамамен 5 400 МВт құрайды. Оның ішінде 2 400 МВТ жаңартылатын энергия көздері, 1 600 МВт жуығы - қайта жаңғырту жұмысының нәтижесінде қосылатын электр қуаты. Сондай-ақ, 1 200 МВт – маневрлік қуат бойынша қазіргі таңда аукциондар өткізіліп жатыр. Аталған жобалар ел бойынша барлық өңірлерде қосылатын болады», - деді Жүребеков.