«Осы айда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев серпімді клеммалар мен бұрандалар өндірісін іске қосты. Бұл ТМД-дағы бірегей зауыт, осылайша осы өнімдерге ұлттық тасымалдаушының қажеттілігін толығымен жабы жоспарланып отыр. 2024 жылға ұсталық-бандаж кешенін іске қосу көзделген. Онда да ішкі нарықты қамтамасыз етіп, басқа елдерге шығуға ниеттіміз. Азық-түлік өндірісі агроөнеркәсіптік кешендегі жетістіктермен өсіп келеді. 10 айдың қорытындысы бойынша облыс ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымының өсу қарқыны бойынша көш бастап тұр. Екі жылдың ішінде ол 100 млрд теңгеге ұлғайды. Биыл біздің аграршылар 30 жыл ішінде алғаш рет 1 млн тоннадан астам астық жинады. Қарақұмық түсімі елдегі барлық көлемнің жартысынан астамын, сәбіздің үштен бір бөлігін, картоптың 16% – ын құрады», – деп атап өтті аймақ басшысы.