Әбілқайыр Сқақовтың айтуынша, Павлодардың жаңа шағын ауданында көпсалалы аурухана салу, сондай-ақ тағы үш ауылдық медициналық мекеме салу жоспарланған. 2024 жылға дейін барлығы 12 денсаулық сақтау нысанын пайдалануға беру көзделген. Осылайша, медициналық ұйымдар аймақ тұрғындарының 90% - дан астамы үшін қолжетімді болады.  


«Тәуелсіздік жылдары облыста 96 медициналық нысан салынды. Олардың бірі – кардиохирургиялық орталық, онда бүгінде аз инвазивті, күрделі аритмологиялық операциялар, күрделі құрылғыларды имплантациялау және гибридтік араласулар жүргізіледі. 9 жыл ішінде орталықта 18 мыңнан астам операция, олардың үштен бірі ашық жүрекке жасалды. Бұл жерде жоспарлы және шұғыл көмекті басқа облыстардың тұрғындары да алады, барлығы жылына 80 мыңға жуық пациент. Өткен жылдан бастап кардиохирургиялық орталықта инсульт орталығы жұмыс істейді, жүрек-қан тамыр жүйесі аурулары бар пациенттерді емдеу үшін озық технологияларды одан әрі енгізу жоспарланған. Сонымен қатар, медициналық кадрлық әлеуетті арттыру үшін үздіксіз жұмыс істейміз. Соның ішінде жас мамандардың тұрғын үй және басқа да мәселелерін шешуге ықпал етеміз. Жыл басынан бері ауылға жұмыс істеуге келген 85 дәрігер көтерме ақы ретінде 41 млн теңгеден астам, ал оның ішінде 52 маман 211 млн теңгеден астам бюджеттік несие алды. Павлодарда 400 орынды қамтитын медициналық колледж студенттері мен медицина қызметкерлеріне арналған жатақханаларды іске қосу көзделген», - деді Сқақов.   


Өңірде ауылдарға баратын мұғалімдерге арналған тұрғын үй сертификаттары мәселесі пысықталуда. Педагогтерге материалдық қолдау көрсету-өңірдегі білім беру жүйесін нығайту курстарының бірі. Өткен жылы «Павлодар облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі бекітілді. Бүгінде оны 59 мұғалім алды. Белгі үшін қаржылық сыйақы бекітілген - 1000 АЕК немесе 3 млн теңгеге жуық.    


«Екі жыл ішінде саланың бюджеті екі еседен астам өсті, оның ішінде білім беру объектілерін материалдық-техникалық жарақтандыруды қаржыландыру – бірден 12 есеге. Бұл тек күрделі жөндеу ғана емес, 50-60 жыл ішінде жаңартылмаған мектептерді толық жаңғыртуға мүмкіндік берді. Оқу орындарын кешенді жабдықтау және абаттандыру үшін өткен жылы «Заманауи мектеп» өңірлік бағдарламасы әзірленді, ол 2025 жылға дейін 85 мектепті қамтуы тиіс. Мектептерде жаңа кәсіптер мен құзыреттердің өңірлік атласы шеңберінде оқушыларды кәсіптік бағдарлау енгізілді. Біздің міндетіміз - Елбасы бағытына сәйкес зияткерлік капиталдың төмендеуіне жол бермеу. Тәуелсіздік жылдары Павлодар облысының оқушылары республикалық және халықаралық олимпиадалардың 9 мыңға жуық медалін жеңіп алды. 20 жыл бойы аймақ құрамасы - республикадағы ең үздік олимпиадалық команда. Біздің оқушыларымыз бен түлектеріміз Қазақстанның ғылым, өнер, спорт және басқа да салалардағы жетістіктерімен даңқын шығаруда. Біздің міндетіміз – өңірдің зияткерлік және кадрлық әлеуетін сақтап қана қоймай, одан әрі дамыту. Тәуелсіздіктің 30 жылдығында Павлодар облысының үздік 300 оқушысы ерекше еңбегі үшін материалдық сыйақы алады», - деп атап өтті аймақ басшысы.  


Айта кетейік, музыка саласындағы вундеркинд Мария Мудряк, ғаламшардың ең атақты оқушысы Қуат Есенов, Халықаралық математикалық олимпиаданың «алтын» жүлде иегері Мохаммед-Али Амир, физикадан Дүниежүзілік Олимпиаданың күміс жүлдегерлері Антон Драганчук пен Дінмұхамед Рахымжанов және т.б. - Павлодар мектебінің тәрбиеленушілері.