Оның айтуынша, ет бағасының қымбаттағаны рас, бірақ бұға құрғақшылық себеп болған жоқ.

 «Ауа райының қолайсыздығына байланысты, әсіресе ет бағасына ол айтарлықтай әсер ете қойған жоқ. Баға өсті. Жалпы, әдеттегідей ет Маңғыстау облысына Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарынан жеткізіледі. Облысқа әкелінетін жеткізілімдердің үлкен көлемі сол өңірлерден жүзеге асырылады. Құрғақшылықтың ет бағасының қымбаттауына қатысы жоқ. Бағаның негізсіз өсуін болдырмау үшін жергілікті атқарушы органдар қабылдайтын шаралар: тұрақтандыру қорын құру және қажетті интервенция. Баға мен негізсіз өсімге күнделікті мониторинг жүргізіліп, жедел шаралар қабылдануда», - деп атап өтті аймақ басшысы.