«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 23 мыңнан астам адамға қолдау көрсетілді. Жұмыссыздық мәселесіне орай биыл пилоттық «ЖҰМЫС ЖАСАЙМЫН» өңірлік жобасы аясында жергілікті бюджеттен 255 млн теңге қарастырылып, 373 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды. «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша 61 адам жұмысқа орналастырылды. 


«Жуырда қабылданған Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді. Онда 214 іс-шара қарастырылған. Жалпы бюджеті 2,1 трлн теңге. Кешенді жоспарды жүзеге асыру арқылы өңірдегі келесідей нәтижелерге қол жеткізу жоспарланып отыр: 2025 жылға қарай облыстың жалпы ішкі өңірлік өнімінің көлемін 3,1 трлн.теңгеден 4,1 трлн теңгеге дейін ұлғайту; Халықтың нақты табысын арттыру, 60 мыңнан астам жұмыс орнын құру және өңірге келетін туристер санын 750 мыңға дейін арттыру», - деді Нұрлан Ноғаев.