«Бұл жағдай 2-3 жылдан бері орын алып келеді. Келесі жылы да мұндай жағдай орын алуы мүмкін. Дегенмен, мал бағу мәдениетін, оңтайландыру жөніндегі мәселелер кәсіпкерлермен талқыланды. Мемлекет өз тарапынан қажетті қолдау көрсетуде. Республикалық бюджеттен 1,9 млрд теңге шығын болған малға төлеу үшін бөлінді. Қолда бар мәліметтер бойынша, 1209 бас мал өлген. Оның ішінде 950-і АШМ базасында тіркелмеген. Ал әр мал басы сол базада тіркелуі керек. Себебі, ол ветеринариялық шаралар, екпелер, тексеру жұмыстарын қажет етеді. Бұл да мал шығынын болдырмауға зор септігін тигізеді. Ауыл шаруашылығындағы кәсіпкерлер де осы жағдайды ескере отырып, шаруасын оңтайландыруға көңіл бөлуі керек. Мамандардың айтуынша, Маңғыстау облысында өзге өңірлерге қарағанда шөптің шығымы ауа райының қолайсыздығын және табиғаттың климаттық жағдайын ескерсек, нашар. Кейбір облыстарда 1 шаршы метрге 1000 түп шөп шығатын болса, Маңғыстауда 80-100 түп қана шығады. Оның басым бөлігі шабылып, көп жылға зиян келтірілді. Сондықтан тепе-теңдікті сақтау бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, шаруалармен келісе отырып, шаралар қабылдануда», - деді Ноғаев.