«Алдымызда аудан, ауыл деңгейінде халықтың әлеуметтік жағдайына әсер ететін кедергілерді, оның ішінде бюрократия, жемқорлыққа алып келетін себептерді анықтап, оларды жою міндеті тұр. Бұл «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын тиімді іске асыруға жол ашады. Осы бағыттағы жұмыс тікелей алдын алумен айналысатын агенттіктің превенция қызметімен байланысты. Превенция – бұл алдын алу, ескерту, болашақта болдырмау дегенді білдіреді. Үздік халықаралық тәжірибеде және халықаралық ұйымдардың ұсыныстарында жемқорлықпен күресте оның алдын алу маңызды екенін көрсетеді. Сондықтан бүгінде жемқорлықпен күресте басымдық алдын алуға беріледі», - деді Сарқұлов.  


Жалпы жыл басынан бері мемлекет басшысы бірқатар кеңес өткізіп, жемқорлықтың алдын алу бойынша нақты тапсырмалар берді. Тапсырмалардың бір бөлігі мемлекеттік сатып алу саласында бақылауды және корпоративтік жемқорлықпен күресті күшейтуге қатысты.