«Мысалы, Қызылорда облысында 2021 жылы мәдениет басқармасының басшысы Әбуова сотталған, ол Жалаңтөс Баһадүр ескерткішінің құрылысына ақша қаражатын кедергісіз аударғаны үшін 1 млн теңге пара алған. Биыл Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары Балықбаев 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жолдар мен су өткізу құбырларын жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу шарттарын жасағаны үшін кәсіпкерден 1,8 млн теңге сомасында 10% пара алған. Былтыр Агенттік Атырау облысы әкімінің орынбасары Хаменованы әшкереледі, ол Атырау қаласында Абай Құнанбаев ескерткішін жасау және орнату бойынша шарт жасасқаны үшін 4,5 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Тергеу аяқталды, құжаттармен танысу жүргізілуде. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады», - деп түйіндеді сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство өкілі.