«Агенттік «Атамекен» Ұлттық палатасымен бірлесіп жүйелі негізде бағаның көтерілуіне мониторинг жүргізеді. Биылдың өзінде біздің ұсыныстарымыз бойынша мемлекеттік органдар өз сатып алуларын қайта қарап, бюджеттен 5 млрд теңгеге жуық үнемделді. Жоба басталғаннан бері, атап айтқанда 2 жыл ішінде шамамен 74 млрд теңге сақталды. Мұндай бағаны көтеру кезінде лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі көзделмегені анықталды. Біз Қаржы министрлігіне немқұрайлы шенеуніктерді әкімшілік тәртіпте жазалау туралы ұсыныс енгіздік. Сыбайлас жемқорлықтың тағы бір себебі - кейбір сатып алу рәсімдерінің жабықтығы. Тапсырыс беруші сатып алуды «ақпаратты шектеулі тарату» белгісімен жаба отырып, оны іс жүзінде сыбайлас жемқорлық өрісіне енгізеді. Мұндай сатып алу тек қағаз жүзінде жүзеге асырылады және іс жүзінде қоғамдық бақылаудан шығады. Нәтижесінде оларға үлестес компаниялар қатысады, бағалар көтеріледі, қажетсіз жұмыстар мен қызметтер сатып алынады. Мысалы, кейбір аймақтарда қайырымдылыққа бағытталуы тиіс әлеуметтік маңызды іс-шаралар түрінде концерттер, керемет шоулар және жеке авторлық кештер сатып алынған. Бір ғана аймақ аясында бұл мақсаттарға 1,7 млрд теңге жұмсалған. Қазір мемлекеттік сатып алу жүйесін осы бағытта қайта форматтау қажет. Біздің бастамамыз сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында да көрініс тапты», - деп атап өтті спикер.