Сондай-ақ, конкурс өткізу туралы алдын ала хабарландыруды жариялау мүмкіндігі қарастырылған. Бұл өтінімдерді қабылдау мерзімін 15 күннен 7 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді. 

«Рәсімдерді оңайлату мақсатында ағымдағы жылғы 1 шілдеден бастап негіздемелік келісімдерді пайдалана отырып, конкурс түрінде сатып алудың жаңа тәсілі енгізіледі, бұл сатып алу рәсімдерін 30 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді, ал қазір орташа ұзақтығы 2 айды құрайды. Бұл тәсіл кеңсе тауарларын, ЖЖМ, байланыс қызметтерін және т. б. сатып алу сияқты стандартты (типтік) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша пайдаланылатын болады. Онда, бірінші кезеңде негіздемелік келісім жасалатын белгіленген талаптарға сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер іріктелетін болады. Бұл нарықта өзін жақсы көрсеткен компаниялар болады.  


Екінші кезеңде тапсырыс берушілер мұндай өнім берушілерге тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға өтінімдер жіберетін болады. Шарт ең жақсы ұсынысты ұсынған өнім берушілермен жасалатын болады», деді спикер.  
Ол сондай-ақ саладағы бұзушылықтардың көпшілігі сатып алушы органдар тарапынан Біліктіліктің төмендігінен туындайтынын атап өтті. Сондықтан әлеуметтік саланың тапсырыс берушілерін (мектептер, балабақшалар, интернаттар, емханалар және т. б.) мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізуден оларды мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушылар деңгейіне бере отырып босату ұсынылады. 

«Бұл мәселенің шешімі негіздемелік келісімдер құралдарын, сондай-ақ үлгілік техникалық ерекшеліктерді пайдалана отырып, орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды кеңінен қолдану болады деп отырмыз. Бұл орталықтандырылған сатып алу органдарының біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді, өйткені сатып алуды тек білікті мамандар ғана жүзеге асырады», - деп атап өтті Қаржы министрлігінің өкілі.