«Ауылды елді мекендердің тұрғындары салалық мамандардан кеңес ала алады. Пойызда аз инвазивті операциялар, стоматологиялық қызметтер, салалық мамандар кеңес береді: хирургтар, гинекологтар. «Халық денсаулығы туралы» жаңа кодекс аясында біз алғаш рет жылжымалы медициналық кешендер мен медициналық пойыздар арқылы медициналық көмек көрсету тәртібін бекіттік. Бұл бұйрық медициналық көмек көрсетудің барлық процесін реттейді. Ол кепілдендірілген тегін медициналық көмек және МӘМС пакеті шеңберінде қызмет көрсетеді. Скринингтік зерттеулер жүргізу үшін халықтың нысаналы топтары алдын ала шақырылады, сондай-ақ, халық емхана дәрігерінің жолдамасынсыз тікелей келіп, тексеріліп, медициналық көмек ала алады. Бұл ведомствоаралық үйлесімді жұмыстың нәтижесінде жүзеге асқан бірегей жоба», - деп атап өтті спикер.