Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер қажетті жанар-жағармаймен, тұқымдармен және тыңайтқыштармен уақтылы және толық көлемде қамтамасыз етілді.


«Бүгінгі таңда шаруалар егіс науқанын аяқтады, жаздық егіс 4,8 млн га құрады, оның ішінде 3,9 млн га дәнді және бұршақты дақылдар. Облыс тұрғындарының әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жарма дақылдары, картоп және көкөніс алқаптары ұлғайтылды», - деді спикер. 


Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өңірде 210 қайта өңдеу кәсіпорны жұмыс істейді.


Облыс әкімі өңірдің елімізде ұн өндіруден бірінші орын, макарон өнімдерін өндіруден екінші, жарма өндіруден үшінші орын алатынын атап өтті. Сондай-ақ, азық-түлік өнімдерінің экспорты бойынша Қостанай облысы республикада бірінші орында.