«Сарыарқа» Арнайы экономикалық аймақ аумағында оныншы жоба – «Алтын Арна Geosynthetics» геомембрана өндірісі іске асырылды. Жыл соңына дейін тағы 2 импорт алмастырушы кәсіпорынды іске қосу жоспарлануда. Өткен жылы «Saran» индустриялық аймағын құрылды, онда 3 жоба іске асырылуда. Жыл соңына дейін «Татнефть» компаниясының қатысуымен өңірде KamaTyresKZ шина зауыты іске қосылады деп күтілуде. Жобада 1000-нан астам жұмыс орнын құру көзделген»,  -  деді облыс әкімі.