Оның айтуынша, биыл бұл сектордың көлемін тағы 10%-ға арттыру міндеті тұр. 


«ШОБ секторы облыс бойынша жұмыс орындарының 40%-ға жуығын береді, осылайша өңір тұрғындарын жұмыспен қамту бойынша маңызды әлеуметтік міндетті орындайды. Биыл 9 ұлттық жоба аясында 15,4 мың жұмыс орнын құруды жоспарлап отырмыз, оның ішінде 3,9 мың тұрақты, 11,5 мың уақытша. Бүгінгі таңда 5700 жұмыс орны құрылды, оның 1800-і тұрақты. Жұмыссыздық 4,6% деңгейінде сақталуда, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 0,3 пайыздық тармаққа төмен. Қабылданып жатқан шаралар бұл көрсеткішті бұрынғы деңгейде сақтауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті спикер.