Бүгінде қажетті іс-қимылдарды анықтап, әрекет ету үшін Үкіметке, қоғамдастыққа жүгінуіміз керек еді – деді спикер.  


«Қазақстанның қала құрылысшылары одағы - жас, қайта құрудың басында құрылған. Бүгінгі таңда жер, қала аумағын, өңірлерді дұрыс пайдалану мәселесі өзекті. Бұл барлық басқа шешімдер, әсіресе құрылыс үшін негізгі болып табылатын өте маңызды мәселелер. Елімізде құрылыс көп жүргізілуде. Бұл қуантарлық жайт. Құрылыс саласы -экономикадағы көшбасшы, сондықтан қалаларды қолайлы, әдемі, жайлы етіп салу үшін база дайындау өте маңызды. Сонда жаңа буының өсуіне мүмкіндік беретін функцияларды халық көре бастайды. Тұлғаның дамуы көбінесе біз ұсынатын ортаға байланысты. Сондықтан біздің алдымызда ауқымды мәселелер тұр. Кейбір нормативтік базалар мен жобаларға түзетулер енгізуге, сондай-ақ өз тақырыптарымызды кеңінен талқылауға дайынбыз деп ойлаймын», - деп түйіндеді қала құрылысшыларының басшысы.