Сонымен қатар, сатып алу қабілетін қамтамасыз ету үшін еңбек ету қабілетінен айрылу және асыраушысынан айрылу бойынша төлемдердің мөлшері жыл сайын артып келеді. Осылайша, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап төлемдердің жиынтық мөлшері өткен жылмен салыстырғанда 9%-ға ұлғайды.   


Жұмысынан айырылған жағдайда Қордан төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан айырылу себептеріне қарамастан тағайындалады. Төлем құқығы халықты жұмыспен қамту орталығы немесе «электрондық еңбек биржасы» порталы арқылы жұмыссыз ретінде тіркелген күннен бастап туындайды (enbek.kz). Төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты 1 айдан 6 айға дейін тағайындалады. 2021 жылы шамамен 106 мыңға жуық адам аталған төлемді алды.