Бағдарламаның жаңашылдықтарының бірі екінші деңгейдегі банктерден қаржыландыруды дамыту болады. 


«Бағдарламаны жүзеге асыруға мемлекеттік бюджеттен 9 жыл ішінде 1,9 трлн теңге бөлу жоспарланған. Жалпы, өңдеу өнеркәсібін дамыту жөніндегі барлық саясатты шоғырландыра отырып, Үкімет басым жобаларды, оның ішінде машина жасауды қаржыландыру үшін өнеркәсіп қорын құрды. Бізде бұрын «Даму» қоры, ҚДБ белсенді жұмыс істегенін айта кеткен жөн, бірақ айтарлықтай нәтиже ала алмадық. Осыған байланысты өңдеу өнеркәсібі үшін арнайы өнеркәсіпті дамыту қоры құрылды. Осы жылдың өзінде 250 трлн теңгеге жеңілдетілген шарттармен жобаларды қаржыландырды. Әрине, ШОБ-қа басымдық беріледі. Біз ШОБ белдеуін құрамыз: оң жағынан – шикізат өндірушілер, сол жағынан - осы шикізаттан дайын өнім жасағысы келетін әлеуетті жоба, ал төменнен ол қордан ақшамен күшейтіледі. Дайын өнімді экспортқа шығара отырып, импортты алмастыру үшін пул құрылды. Бұл индустрияландыру картасын дамытудың келесі кезеңі. Бұл пулда қазір 70-тен астам жоба бар, олар әр жолы жаңартылып отырады. Олардың әрқайсысы - премьер-министр мен министрдің жеке бақылауында», - деп атап өтті спикер.


Жобалардың 12%-ы машина жасау бойынша, олардың сомасы 1,5 трлн теңгеден асады. Осы жоба аясында жаңа өнімдер шығарылады: жеңіл және жүк автомобильдерінің, автобустардың шанағының бөлшектері, автомобиль шиналары, тұрмыстық техника, алюминий және биометриялық жылыту радиаторлары, жоғары вольтты вакуумдық автоматты қосқыштар, рефрижераторлар, медициналық жабдықтар. 2022 жылы машина жасау бойынша жалпы сомасы 200 трлн теңгеге жуық 22 жоба жоспарланып отыр. 3500-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылады. Жыл басынан бері 4 зауыт іске қосылды.