«Жұмыстар негізгі екі бағыт бойынша атқарылады – сапасы және мазмұны бойынша. Яғни, мұғалімдердің біліктілігін арттыру, сондай-ақ, оқу бағдарламаларын жаңарту. Одан бөлек, сағат мәселесі бар. Осы мақсатта жаратылыстану пәні сағаттарын 10-11 сыныптарда көбейту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар ағылшын тіліне баса назар аударылады. Жоспарымызға сәйкес, 2024 жылдан бастап 3-сыныпта ағылшын тілін оқыту сағаттарының санын ұлғайту көзделген. Бұл халықаралық талаптарға сай болады. Сондай-ақ 10-11 сыныптарда 5 күндік форматта оқитын балаларда ағылшын тілі күнде оқытылады. Бұл да балалардың ағылшын тілін меңгеруіне септігін тигізеді», - деді Аймағамбетов.