«Түлектердің медиандық жалақысы - 155 621 теңге. Ең жоғары жалақыны Маңғыстау облысының түлектері алатыны анықталды – 196 769 теңге. Ең төмен жалақы Шымкент қаласының түлектерінде – 124 895 теңге. Ең жоғары медиандық жалақы мөлшері «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру» бағытына тиесілі, ол 221 841 теңгені құрайды», - деді спкиер.

Азамат Бейсенбеновтың айтуынша, ең жоғары жұмысқа орналасу деңгейі «Ветеринария» бағытында болды. Бұл көрсеткіш бағыт бойынша 88% құрады. 
Өңірлер арасында жұмысқа орналасу деңгейі бойынша өткен жылдың қорытындысы бойынша бірінші орында – Батыс Қазақстан облысының түлектері (86%), екінші орында Алматы облысының түлектері(85%), ал үшінші орында Атырау облысының түлектері (84%). Ал, ең төмен жұмысқа орналасу деңгейі Қызылорда және Түркістан облыстары бойынша анықталды, онда бұл көрсеткіш 73%-ды құрайды.