Оның айтуынша, кәсіпорын практикадан, тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру және түлектерді одан әрі жұмысқа орналастыру бойынша міндеттемені өзіне алады.

«Мақсатты мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім беру бағдарламалары жұмыс берушінің талаптарына сай жаңартылады, дуальды оқыту ұйымдастырылады, студенттер оқу процесінде кәсіпорында практикадан өте алады. Бұл тапсырыс берушінің де, орындаушының да ортақ жауапкершілігін арттырады. Бұл ретте түлектерді 100% жұмысқа орналастыру қамтамасыз етіледі. Осы оқу жылында кәсіпорындардың тапсырысы бойынша 10 мыңнан астам студент оқып жатыр және алдағы жылы кадрларды нысаналы даярлауға мемлекеттік тапсырыс қалыптастыруды жоспарлап отырмыз», - деді спикер.