«Айта кетерлік жайт, қазақстандық ата-аналар үй шаруасын бірлесіп орындайды. Бұл бала күтіміне, бюджетті бөлуге және басқа да әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерге қатысты», - деді спикер.   


Сонымен қатар Жұлдыз Батталова қазақстандық ата-аналардың ең басты алаңдаушылықтары балалардың гаджеттерге, әлеуметтік желілерге және интернетке тәуелділігі, ауладағы көліктердің балаларға қауіп төндіруі, үйірмелер мен секциялардың сапасы мен қолжетімділігі екенін атап өтті.