«Бұл Қазақстанға екінші сапарым. Мен былтыр да келгем. Биыл мен Астана қаласында ғана жұмыс істейтін боламын. Бүгін таңертең үш учаскеге бардым. Ешқандай бұзушылықтарды байқаған жоқпын, бәрі тыныш. Сайлаушылардың қатысу белсенділігі жақсы. Посткеңестік кеңістікте көптеген елдердегі сайлауды бақылауға қатыстым, тәжірибем мол. Мен байқаған бәріне ортақ бір нәрсе: дауыс беру мерекелік атмосферада өтеді. Бәрі тыныш жүргізілуде, біз де жақсы жұмыс істеп жатырмыз деп айта аламын», - деді спикер Астана қаласындағы халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығындағы алаңда өткен брифинг барысында.