ПРЕМИЯ ТУРАЛЫ

2019 ЖЫЛҒЫ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ

Телевизиялық өнер саласындағы жоғары жетістіктері үшін берілетін «Тұмар» Ұлттық телевизиялық сыйлығын салтанатты түрде тапсыру рәсімі 2019 жылғы 20 наурызда «Қазмедиа орталығының» Киноконцерт залында өтеді.

ПРЕМИЯ ТУРАЛЫ

«Тұмар» Ұлттық телевизиялық премиясы телекомпаниялар, шығармашылық ұжымдар, продюсерлік орталықтар жұмыскерлерінің шығармашылық әлеуетін іске асыруға, командалық бірлікті қалыптастыруға және Қазақстанның көпұлтты мәдениетінің дәстүрлерін сақтауға бағытталған.

ПРЕМИЯНЫҢ МАҚСАТЫ

Ұлттық және өңірлік телевизиялық компаниялардың, продюсерлік орталықтардың, студиялар мен басқа да ұйымдардың телевизиялық контентті құрумен байланысты шығармашылық әлеуетін ынталандыру.

ПРЕМИЯНЫҢ МІНДЕТІ

  • Елдің ең сапалы және өзекті телевизиялық контентін анықтау;
  • Отандық телевизия индустриясының имиджін қалыптастыру;
  • Телевизиялық контент өндірісінде талантты мамандарды қолдау;
  • Отандық телевизия контентінің стандарттарын жақсартуға ұмтылуды ынталандыру;
  • Сапалы қазақстандық телевизияны дамыту және ілгерілету.
  • 2019 ЖЫЛҒЫ НОМИНАЦИЯЛАР ТІЗІМІ
  • Үздік телевизиялық сериал
  • Үздік әлеуметтік жоба
  • Үздік деректі фильм
  • Үздік ақпараттық-талдау бағдарламасы
  • Телевизиялық маусымның үздік оқиғасы
  • Үздік ойын-сауық жобасы
  • Үздік өңірлік тележоба
  • Үздік тележурналист
  • Үздік тележүргізуші