Биыл Таразда 10 көппәтерлі үй, ал 2019 жылы 25 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов мәлімдеді.

«Тараз қаласындағы қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген 462 га жер телімінде жаңа екі мөлтек ауданының құрылысы басталды. Аталған аудандарда «7-20-25» бағдарламасы аясында ұсынылатын 480 көп қабатты және 969 жеке тұрғын үй құрылыстары басталып, ағымдағы жылы 10 көппәтерлі үй, 2019 жылы - 25 үй пайдалануға тапсырылатын болады.  Жалпы, Тараз қаласында 686 пәтер бағдарлама аясында азаматтарға ұсыну үшін дайын», - деді облыс әкімі .

Облыста бір пәтерге ең жоғарғы заем сомасы орта есеппен 12,0 млн. теңге болса, бір айға төлемақысы 85 мың теңге, ал ең төменгі 5 млн.теңге несиеге айлық төлемақы 35 мың теңгені құрайды. Ал «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» филиалында бүгінде 44648 салымшыдан 10 млрд. теңге жиналған.

«10 айда «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» филиалы арқылы 5,7млрд. теңгені құрайтын 768 несие берілді. «7-20-25» бағдарламасының шарттарымен екінші деңгейлі банктерге жалпы сомасы 284,5 млн. теңгеге 34 өтініш қолдау тапты(Центркредит банкі).  Оның ішінде, 29 азаматқа 247 млн. теңге несие берілді, оның 7-ін  Тараз қаласынан «Бином» ЖШС алған», - деп атап өтті А. Мырзахметов.

Сонымен қатар, келесі жылға 465 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы жоспарланып отыр. Болжамды көрсеткіш бойынша өсім 8% құрайды. Облыста бюджет есебінен 28 көппәтерлі тұрғын үйдің және 6 жаңа алқаптың инженерлік инфрақұрылымның құрылыстарын бастау жоспарлануда.  Соның ішінде, 20 үйді (1380 пәтер) «7-20-25» бағдарлама аясында тұрғындарға беру көзделіп отыр. 

Биылғы жылға 720 пәтерлі 9 кредиттік тұрғын үй құрылысын бастауға бағалы қағаздар есебінен қосымша 725 млн.теңге бөлінген.

Хотите быть всегда в курсе всех брифингов?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!

Нурсултан Назарбаев:

«Біздің сауда саясаты инертті болуды тоқтатады, біздің өнімдерімізді аймақтық және әлемдік нарықтарда тиімді ынталандыру үшін күш беру керек».

Малик Мурзалин:

«Ақмола облысында шағын және орта бизнес белсенді дамып келеді, жеті жылдан бері 800-ден астам жоба қолдауға ие болды және« Бизнестің жол картасы »мемлекеттік бағдарламасы арқасында 15 мың жаңа жұмыс орны ашылды».

15-ші орынға ие алтын қоры бойынша Қазақстан

100 млрд. теңге жыл сайын Ауылдық кәсіпкерлерді жаңа бизнес дағдыларымен жаппай оқытуға қарастырылатын болады.