Қазақстанның қалыптасуынан бастап, астанасының Нұр-Сұлтан атына ие болуына дейінгі тарихын баяндайтын «Астана – Нұр-Сұлтан» жобасының тұсауы кесілді.

Ол тек мәтін не бейнефильм емес, ол жаңашыл, мультимедиялық хикаяның әмбебап форматы – веб-деректі жоба.

«Біз өзгерістер дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Елімізде елеулі тарихи оқиғалар орын алуда. Біз ел дамуындағы жаңа асулы кезеңнің куәсі болып отырмыз. Біздің командамыз Қазақстанның барлық басты оқиғаларын бейнелеуге талпынды. Қазақстан мен оның астанасының қалыптасуы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атымен тығыз байланысты екені сөзсіз. Оның қала мен республиканың дамуына сіңірген еңбегіне баға жетпес», - деді«Қазконтент» АҚ Басқарма Төрағасы Думан Қожахметов.

«Астана – Нұр-Сұлтан» веб-деректі жобасы 1991 жылдан 2019 жылға дейінгі барлық елеулі оқиғалар мен мұрағаттық фото және бейнематериалдардан құрастырылған. Мультимедиялық веб-деректі жоба форматы қолданушыны мемлекет қалыптасуының алғашқы қадамдарынан бастап елорданың Нұр-Сұлтан атауына ие болған күніне дейінгі хикая атмосферасына толықтай еліктіреді.

«Бұл веб-деректі жоба – Қазақстанның қалыптасу тарихына басты оқиғалардың тізбегі арқылы қарауға жасаған талпынысымыз. Цифрлық әлемде өмір сүріп, ақпарат алып отырған өскелең ұрпаққа еліміздің тарихын хронологиялық ретімен, қарапайым әрі оңай сөздермен түсіндіруге тырыстық. Алға қойған мақсатымыз – тарихты түсінікті, анық, артық пафоссыз және, ең бастысы, шынайы сөзбен баяндау болатын», – деп атап өтті Думан Қожахметов.

Айта кетерлігі жобаның ең басты артықшылығының бірі – ақпаратты мультимедиялық цифрлы форматта қабылдайтын өскелең ұрпақ үшін ыңғайлы мәлімет көзі болуында.

Веб-деректі жобаны қазақ және орыс тілдерінде Astana-Nursultan.web-doc.kz сілтемесі бойынша көруге болады.