«Алғыс айту күнін мерекелеу аясында елімізде 1 570-ке жуық түрлі мәдени-көпшілік және қайырымдылық іс-шаралары өтеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Алғыс айту күніне арналған баспасөз конференциясында айтылды.

«Мерекенің басты идеясы - ортақ тарихи зерде негізінде қоғамдық келісім мен азаматтық бірегейлікті, жалпыұлттық бірлікті нығайту. Бұл тағлдыр талқысмына түсіп, қазақ жеріне келген барлық этностарға қазақ халқы танытқан қонақжайлығы мен қамқорлығы, мейірімділігі мен қайырымдылығы үшін ризашылық білдіріп, құрметтерін көрсететін күн», - деді Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Виталий Тварионас.

Бұл күні қайырымдылық акцияларын өткізу жақсы дәстүрге айналған.

«Алғыс айту күнін мерекелеу аясында елімізде 1 570-ке жуық түрлі мәдени-көпшілік және қайырымдылық іс-шаралары өтеді және мұқтаж жандарға, көп балалы аналарға, жетімдерге 126 млн теңгеге көмек көрсетіледі» - деді Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары.