Top.Mail.Ru

Маусым айының 3-7 аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Астана кештері» VIII халықаралық өнер фестивалі аясында отандық және әлемдік өнер жұлдыздары 5 қайырымдылық концертін береді, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

«Биылғы фестиваль аясында Италия, Франция, Ресей, АҚШ, Өзбекстан, Қазақстан елдерінің белгілі өнер жұлдыздары, сондай-ақ «Солистер академиясы» мемлекеттік оркестрі мен «Форте трио» мемлекеттік триосы өнер көрсетеді. Сондай-ақ Медет Чотабаев сынды дарынды өнерпаздарымыз әлем мойындаған музыканттармен бірге бір сахнада өнер көрсетпек», - «Қазақконцерт» МКҰ директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жеңіс Сейдуллаұлы.

Өз сөзінде, «Астана кештері» халықаралық фестивалі әлемдік жұлдыздардың өнерін ұсынып қана қоймай, отандық музыка өнерін әлемдік кеңістікке танытуға игі ықпал ететінін де атап өтті.

«Биылғы концерттердің бағдарламалары мазмұны жағынан сан алуан. Елордалық көрермен өзінің музыкалық талғамына сай опералық, камералық, симфониялық, органдық және аспаптық концерттерді келіп тамашалай алады. Фестиваль аясында өтетін 5 қайырымдылық концертке барлық билеттер тегін таратылады. Билеттерді «Қазақстан» орталық концерт залының кассасынан алуға болады», - деді Жеңіс Сейдуллаұлы.

Концерттер «Қазақстан» ОКЗ, «Астана опера» камералық залы және ҚазҰӨ орган залы сынды Нұр-Сұлтанның үздік саханаларында өтеді.

Айта кетсек, «Астана кештері» фестивалінің ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаеваның бастамасымен аталмыш өнер мерекесін жыл сайын өткізу 2012 жылдан бастап игі дәстүрге айналды.

Хотите быть всегда в курсе всех брифингов?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!