«Астана – Нұр-Сұлтан» веб-деректі жобасы 1991 жылдан 2019 жылға дейінгі ел тарихындағы барлық елеулі оқиғалар мен мұрағаттық фото және бейнематериалдардан құрастырылған.

«2016 жылдан бастап бұл жобаны жинақтадық. Алғашында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнап жасаймыз деген ой болды. Жобаны жасауға мәтінмен жұмыс жасайтын, архивпен жұмыс жасайтын, вебпен жұмыс жасайтын программистер бар, 10 шақты адам қатысты», - деді«Қазконтент» АҚ Басқарма Төрағасы.

Сонымен қатар, жобада осы уақытқа дейін жарияланбаған тың жаңа суреттердің өте көп екендігін де атап өтті.

«Бұл жерде тек қана мемлекеттік архивтің қорынан 100-ге жуық фотосуреттерді жобаға жинақтадық. Оның ішінде еш жерде жарияланбаған тың фотолар да көп. Архивке барғанның өзінде қаншама контенттің бар екеніне таңқалдық. Егер шықпаған нәрселерді жіктейтін болсақ, бұл жобаның көлемі өте үлкен болар еді», - деді Думан Қожахметов Орталық коммуникациялар қызметінде.