Елбасы Кітапханасының кітап қоры 31 мыңнан аса дананы құрайды, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

«Тұңғыш Президенттің жеке мұрағаты – Елбасының қызметі барысында пайда болған биографиялық, шығармашылық материалдардың, құжаттардың түпнұсқалары. Жалпы саны 200 мың данаға жуық. Қазіргі уақытта цифрлау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр», - деді Елбасы Кітапханасының директоры, саяси ғылымдар докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов Орталы коммуникациялар қызметінде.

Кітапхана өз жұмысын ғылыми-зерттеудің, ғылыми-қордың, экспозициялық көрменің, экскурсиялық, біліми ағартушылық және ақпараттық-баспа қызметінің негізгі бағыттары бойынша жүргізеді.

Айта кетсек, Елбасы Кітапханасының кітап қоры 31 мыңнан аса дананы құрайды. Кітапхана тұтынушыларына 2 жарым млн. аса электронды құжаттарға рұқсат берілген.

«Елбасы кітапханасы – ғалымдарымыздың ауқымды талдау, зерттеу жұмыстары. Осында Елбасы кітапханасы ғылыми жұмыстарының жинағы қойылған. Бұл – біздің ғалымдарымыздың баспалары. Осылайша, Елбасы кітапханасы қызметінің кітапхана туралы классикалық түсініктен де кең ауқымда екенін атап өткім келеді», - деді Әмірхан Рахымжанов.

Музей жинақтарының жалпы саны 11 мыңнан астам сақтау бірлігін құрайды. 2018 жылы Елбасы кітапханасы 50 көрме өткізген.

Сонымен қатар, өткен жылы Елбасы кітапханасының экспозициясымен жарты миллионға жуық адам танысып, 10 мыңнан астам экскурсия жүргізілген.