17, 18 және 19 сәуірде «Астана балет» театрында шетелдік және отандық дизайнерлердің қатысуымен Қазақстан Сән Апталығы өтеді.

Қазақстандық сән апталығына келушілер Ресейдің топ-стилистері Оксана Он мен Гала Борзова, Қазақстандық және американдық топ-модель Алена Субботина мен қазақстандық танымал дизайнерлердің шеберлік сабақтарына қатыса алады.

Сонымен қатар, «Kazakhstan Fashion Week» подиумында алғаш рет «Астана балет» театрының жетекші солистері Риза Қанатқызы және Айжан Мұқатова да шығады.

3 күнге жалғасқан «Kazakhstan Fashion Week» сән апталығының алғашқы күнінде, 17 сәуір күні Аида Кауменов, Алексей Чжен, Кэти Чхиквадзе, Тамара Ламанукаева, Bibisara сән үйлерінінің топтамалары көрсетіледі. Ал 18 сәуір күні «Астана балет» театрында Ерлан Жолдасбек, Di Siitova, Lariya, Kiori сәнгерлерінің жаңа топтамалары таныстырылады.

Сән апталығының соңғы күні, 19 сәуірде Tiko&Dinara Satzhan, Zeken Moda, Aya Bapani, Naiyl Baikuchukov сән үйлерінің топтамалары көпшілікке ұсынылады.

Айта кетсек, сән әлеміндегі бұл іс-шара Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің қолдауымен өткелі отыр.

Барлық сән апталығының көрсетілімдері «Астана балет» театрында 17, 18, 19 сәуір күндері сағат 19:30-да өтеді.