«Хабар» Агенттігі жаңа телевизиялық маусымда Орталық Азия елдерімен бірлесіп «Central Asia’s Got Talent» атты жобаны көрерменге ұсынады.

«Орталық Азия таланттарды іздейді» атты жобаның басты мақсаты – тек ән ,би, спорт саласынд ғана ерекше дарынға ие азаматтарды ғана емес, өнердің немесе басқа да қабілеттердің түрлі жанрында өнер көрсететін қарапайым азаматтарды тек Қазақстан халқына емес, Оралық Азия мемлекеттеріне таныту. Осы біздің бастамамызды қолдап, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінің жетекші каналдары осы жобаны жүзеге асыруға ат салысуда. Нақты айтқанда ,Өзбекстаннң «Zoʻr TV», Қырғызстанның «Қоғамдық бірінші арна» және Тәжікстанның «ТВ Сафина» телеарналары», - деп мәлімдеді «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ринат КЕРТАЕВ.

Бұл жобаны тек телевизиялық жоба деп айтуға келмейтінін де атап өтті. Себебі бұл жобаның басты мақсаты - елдер арасындағы рухани және мәдени интеграцияны дамыту.

«Сонымен қатар, Орталық Азия азаматтарының бір-бірімен танысып, осы керемет алаңда тәжірибе бөлісу мен тәжірибе алмасуына үлкен мүмкіндің береді. Осы жобада жеңімпаз атанған қарапайым азаматтар аталған төрт елде де танымал болып, жұлдыздарға айналатынына сеніміміз мол. Бастама көтерген Хабар агенттігі. Осы жобаны жүзеге асырушы авторы Агенттіктің басқарма төрағасы Алан Әжібаев екенін айта кетейік», - деді Ринат КЕРТАЕВ Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында.

Сонымен қатар баспасөз-мәслихатында «Central Asia’s Got Talent» жобасы аясында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдері арасында әріптестік байланыс орнату жөнінде меморандумға қол қойылып, ресми түрде іске қосылды.

Айта кетсек, жоба Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінің азаматтарына арналған. Іріктеу, ашық тыңдалым, ширек финал, жартылай финал және ақтық финал сынды 5 кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде жобаға қатысушылардың өтініштері қабылданып, әрі қарай төрт елде іріктеу кезеңі өткізіледі. Жобаның бас жеңімпазынан бөлек, төрт елден жеңімпаз анықталып, ақшалай сыйлыққа ие болады.