Top.Mail.Ru

10 бөлімнен тұратын «Төле би» кинохикасының түсірілімі Түркістан облысында өткен.

«Төле би» кинохикаясы облыс әкімдігінінің қаражатынан қаржыландырылып түсірілді. 2018 жылы әкімшіліктен «Оңтүстік» фильм және «Сақ киностудиясына» тапсырыс беріліп түсірілген. Жалпы фильм 10 сериядан тұрады. Төле бидің өмірі, балалық шағынан қартайып өмірден өткенге дейінгі басынан өткен оқиғалары қамтылған. Жалпы фильмге 153 млн қаржы бөлінді», - деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мәлік Отарбаев.

«Төле би» фильмі 6- шілдеде астана күніне орай «Хабар» арнасы арқылы көрерменге жол тартады.

«Фильмнің түсірілімі толығымен Түркістан облысында түсірілді. Актерлер де Түркістан облысының жергілікті тұрғындары», - деп атап айтып өтті.

Фильмнің идея авторы – Түркістан облысының бұрынғы әкімі Жансейіт Түймебаев. Ал сценарийін жазған – Бақытжан Құлжабай және Шойбек Орынбай. Шойбек ОрынбайдыңТөле би туралы жазған кітабының негізінде түсірілген. Көркемдік кеңесшісі – Сатыпалды Нарымбетов.

«Төле би Шу өзенінің тумасы болғанымен, Түркітан облысындағы Төлеби ауданында өмір бойы тұрған. Сол өзінің ауылы болған жерге ауыл құрдық, 30 шақты киіз үй құрып фильмді түсірдік», - деді "САҚ" киностудиясының директоры Нұриддин Пәттеев.

Сонымен қатар, облыстың 1 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласында «Ордабасы – бірліктің туы» анимациялық фильмінің тұсауы кесіледі. Ұзақтығы 25 минуттық фильммен бірге «Оқсыз оқиғасы», «Түркістан» анимациялық фильмдері көрерменге жол тартады.

Хотите быть всегда в курсе всех брифингов?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!